ALADOP.KZ
Премьер-лига Қазақстан

«Атырау» словакиялық, «Ақжайық» украиналық легионермен толықты

Еліміздің батыс аймағының екі клубы «Атырау» мен «Ақжайық» шет елдік ойыншылармен құрамын толықтырды.

Оралдың «Ақжайық» ФК-ы  24 жасар украиналық жартылай қорғаушы Чачуа Амбросимен келісім-шарт жасады. Украиналық ойыншы осы уақытқа дейін Львовтың «Карпаты» ФК-ның сапында 90-нан аса матч өткізген. Украинаның 19 және 21 жасқа дейінгі құрамаларында өнер көрсеткен екен.

«Атырау» ФК словакиялық қорғаушы Франтишек Кубикпен келісім-шарт жасады. 29 жасар ойыншы бұған дейін голландиялық«АДО Ден Хааг», украиналық «Таврия» мен «Арсенал», грекиялық «Эрготелис» пен ресейлік «Кубань» клубтарында өнер көрсеткен.

Аталған ойыншыларды қатарына қосқан еліміздің клубтары әдеттегідей, келісім-шарт мерзімін жарияламай отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*