ALADOP.KZ
Қазақстан

Саян Хамитжанов: Педро Энрике «Астананың» шабуыл шебіндегі бәсекелестікті күшейтеді

«Астана» президенті Саян Хамитжанов бразилиялық жартылай қорғаушы Педро Энрикені қатарға қосу туралы өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі жазды.
«Ағымдағы трансферлік кезеңде біз селекциялық жұмыстарды жалғастыра отырып, «Астана» сапына тәжірибелі бразилиялық футболшы, «Гремио» футбол клубының түлегі, Педро Энрикені жалға алу туралы келісімге келдік.

28 жастағы хавбек екі қапталда да шабуылдаушы жартылай қорғаушының міндетін атқара алады. Педро – ол елеулі еуропалық чемпионаттар мектебінен өткен, Щвейцария чемпионатындағы «Цюрих» сапында 3 маусым өткізген, франциялық «Лига 1» «Ренн» сапында ойнаған және Греция чемпионатында ПАОК (Салоники) сапында өнер көрсеткен тәжірибелі ойыншы. Энрике өткен маусымда әзірбайжандық «Карабахта» өнер көрсетіп, ішкі біріншілікте ғана емес, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңдеріндегі кездесулерде команда үздігі атана білді. Педроның біз осыған дейін қатарымызға қосқан, Ричард Алмейдамен алаңда өзара түсіністігі жақсы қалыптасқан.

Еуропалық чемпионаттардағы бес маусым, еурокубоктердің топтық кезеңдерінде ойнау тәжірибесі, жоғары деңгейлі орындау дағдылары — бұл ойыншыны біздің командаға шақырған кезде біз басшылыққа алған ең басты артықшылықтар осы болды.
Педро Энрикенің келуімен, «Астана» шабуыл шебіндегі бәсекелестік күшейіп және бразилиялық ойыншы елорда жанкүйерлерін өз ойынымен қуантады деген сенімдемін», — деді Хамитжанов.

prosports.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*