ALADOP.KZ
Премьер-лига Қазақстан

«Шахтер» чех футболшысымен толықты

 

 

«Шахтер» клубының құрамы чехиялық жартылай қорғаушы Лукаш Дроппамен толықты.

29 жасар ойыншымен клуб арасында 1,5 жылға келісім-шарт жасалған. Ойыншылық мансабын Чехия, Польша, Ресей, Түркия біріншіліктерінде өткізген жартылай қорғаушы қарағандылықтарға тегін бұйырған екен.

Ақпаратты «Шахтер» клубының ресми сайты хабарлады.

Лукаш Дроппа Чехия ұлттық құрамасы сапында 4 ойын өткізген.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*