ALADOP.KZ
Қазақстан

«Тобыл» Дарабаевты «Ертіске» жібермейді

Prosports.kz-ке белгілі болғандай, «Ертістің» жаңа бас бапкері Димитар Димитров «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаевты өз командасында көргісі келеді.
Алайда қостанайлық клуб өзінің маңызды ойыншысын жібермек емес. «Тобыл», керісінше, трансферлік кезеңде өзінің құрамын күшейтіп алмақ.

Айта кетейік, 2015-2017 жылдары Димитров «Ертісті» жаттықтырған кезде Дарабаев командадағы көшбасшылардың бірі болған еді.

Естеріңізге сала кетсек, Еуропа лигасының бірінші матчында «Тобыл» сырт алаңда грузиялық «Самтредияны» (1:0) жеңген болатын. Қарымта ойын 19 шілдеде Қостанайда өтеді.
Ал «Ертіс» Еуропа лигасын тең есеппен бастады. Павлодарлық клуб Литвада жергілікті «Тракаймен» тең тарқасты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*