ALADOP.KZ
Еурокубок Әлем футболы

2021 жылдан бастап УЕФА тағы бір еурокубоктік турнир ашады

Еуропалық футбол шенеуніктері жаңа жарыстың атын ойлап таппағанымен, форматы дайын екен.

Bild-тің хабарлауынша, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімінде клуб басшылары мен шенеуніктер еуропалық футболға қатысты реформаларды талқылады. Сонымен қатар, 2021/2022 жж. маусымнан бастап УЕФА тағы бір халықаралық клубтық жарысты іске қосады. Дәл сол маусым алдында еуропалық футбол ұйымының телекомпаниялар мен демеушілермен маркетингтік келісімдерінің мерзімі аяқталады екен.

Жаңа еурокубктік жарыста 32 ұжым өнер көрсетеді, бірақ жарыстың аты ойластырылмаған көрінеді. УЕФА өкілдерінің пайымдауынша, маркетингтік мүмкіндіктерінің өсуі Еуропа Лигасының беделінің жоғарылауына алып келеді-мыс. Оған қоса, бұл Скандинавия мен Шығыс Еуропа елдерінің футбол біріншіліктерінің дамуына ықпал етуі тиіс екен.

Жаңа турнирдің маркетингі негізінен интернет арқылы іске асырылатын көрінеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*