ALADOP.KZ
Әлем футболы

«Арсенал» Домагой Вида үшін таласқа қосылды

Лондондық «Арсенал» Хорватия құрамасының қорғаушысы үшін 28 миллион еуро төлеуге дайын.

Хорватия құрамасының сапында Ресейде өткен Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қорғаушы бірталай еуропалық топ-клубтардың назарын өзіне аударды.

Бұған дейін Видаға «Вест Хэм» мен «Ливерпуль» қызығушылық танытқаны туралы тараған. Енді Лондонның «Арсеналы» да Домагойдан дәмелі екені жарияланды.

Зеңбірекшілер қорғаушы үшін 28 миллион еуро төлеуге дайын екен. Алайда, бұл трансфер «Арсеналдың» орталық қорғаушысы Шкодран Мустафиді басқа клубқа сатқан жағдайда ғана орын алады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*