ALADOP.KZ
Қазақстан Ұлттық құрама

Астанадағы сауда орталықтарында Қазақстан құрамасы ойыншыларының қатысуымен промоакциялар өтеді

УЕФА Ұлттар Лигасының басталуы қарсаңында Қазақстан Ұлттық құрамасының жанкүйерлері үшін елордадағы бес сауда ойын-сауық орталығында промоакциялар ұйымдастырылатынын, — Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

«Хан Шатыр» сауда орталығында өтетін алғашқы акцияда Қазақстан құрамасының ойыншылары Бауыржан Исламхан мен Бауыржан Тұрысбек жанкүйерлермен кездеседі.

Футболсүйер қауымды қолтаңба алу сәтімен қатар, танымал әнші Алмас Кішкенбаевтің өнері күтіп тұр. Сондай-ақ, әртүрлі байқаулар мен викторина ұйымдастырылады.

Құрметті жанкүйерлер, бүгін, 31 тамыз күні«Хан Шатыр» сауда орталығында өтетін алғашқы акцияға шақырамыз. Шара 20:00-де басталады.
Барлық промоакцияның кестесі:

31 тамыз:

20:00 — «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы

 

1 қыркүйек:

14:00 – «Asia Рark» сауда ойын-сауық орталығы

20:00 – «Keruen City» сауда ойын-сауық орталығы

 

2 қыркүйек:

14:00 – «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығы

20:00 – «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*