ALADOP.KZ
Еурокубок Қазақстан

Бруно Бальтазар: ««Астана» голдан кейін ойынды өлтіру үшін ойнады»

«Астана» — АПОЭЛ матчынан кейін кипрліктердің бас бапкері Бруно Бальтазар баспасөз мәслихатында сұрақтарға жауап берді.

— Мен кездесу алдында «Астана» ойынды үлкен күшпен бастайтынын күтіп отырғанымызды айтқан едім. Жіберілген голдан соң, қарымта шабуылдар арқылы ойнауға әрекет жасадық. Гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды, бірақ соға алмадық. Екінші таймда жақсырақ ойнадық, допқа иелік еттік, «Астана» қорғаныста көп күш жұмсады. Ойын аяқталған соң төреші маған келіп, пенальти белгілеп қателескені үшін кешірім сұрады. Мен команданың атынан жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Пенальти — үнемі лотерея. Біз төрешінің қателігі және сәтсіздік салдарынан жеңілдік.

— АПОЭЛ тағы да еурокубоктарсыз қалды. Мұндайда не істеуге болады?
— Иә, бұл ауыр соққы. Біз еурокубоктардың негізгі кезеңіне шығуды қалайтын едік. Жеңіске жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, мүмкіндіктер болды, гол соғу керек еді. Футбол — менің жұмысым, бірақ кейде мен спорттың осы түрін жек көріп кетемін, өйткені ол кейде өте әділетсіз болады.
— 25-минутқа шейін «Астана» жақсырақ ойнағандай болды. Сіз бұған қалай қарайсыз?
— Біз командадан табанды күрес, прессинг күткенімізді айттық. Стадион, атмосфера — мұның бәрі бізге қысым көрсетті. «Астана» ойынның алғашқы минуттарында қысым жасағаны шындық. Бірақ біз «Астанадан» тактикалық әрі дене күші жағынан басым түстік. Біздің мүмкіндіктеріміз болды, бірақ жіберіп алдық. Үздік команда бүгін жеңілді, бұл қиын жағдай. Тағы да қайталаймын, әділетсіз пенальти белгіленді. «Астана» соғылған голдан кейін ойынды өлтіру үшін ойнады.

fcastana.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*