ALADOP.KZ
Еурокубок Әлем футболы

Еуропа Лигасы топтық кезеңінің барлық қатысушылары анықталды

Еуропа Лигасы 2018/19 жж. маусымының топтық кезеңінің барлық командалары анықталды. 

Аталған еуропалық турнирдің плей-офф кезеңінің қарымта кездесулері бейсенбі түні болған еді.

Еуропа Лигасы топтық кезеңіне 17 команда тікелей жолдама алды, 21 команда іріктеу кезеңі арқылы іріктелді, ал, 10 команда Чемпиондар Лигасындағы сәтсіздіктерінен кейін қосылды.

Бүгін, 31 тамызда Монакода аталған турнирдің топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Дәстүрлі түрде барлық қатысушылар төрт негізгі корзиналарға бөлінді. Қазақстан чемпионы «Астана» ФК-ы 2-ші корзинаға түсті.

Еуропа Лигасы топтық кезеңінің барлық қатысушылары:

Бірінші корзина: «Севилья» (Испания), «Арсенал» (Англия), «Челси» (Англия), «Зенит» (Ресей), «Байер» (Германия), «Динамо» (Украина), «Бешикташ» (Түркия), «Зальцбург» (Австрия), «Олимпиакос» (Грекия), «Вильярреал» (Испания), «Андерлехт» (Бельгия), «Лацио» (Италия);

Екінші корзина: «Спортинг» (Португалия), «Лудогорец» (Болгария), «Копенгаген» (Дания), «Марсель» (Франция), «Селтик» (Шотландия), ПАОК (Грекия), «Милан» (Италия), «Генк» (Бельгия), «Фенербахче» (Түркия), «Краснодар» (Ресей), «Астана» (Қазақстан), «Рапид» (Аустрия);

Үшінші корзина: «Бетис» (Испания), «Карабах» (Әзірбайжан), БАТЭ (Белоруссия), «Динамо» (Хорватия), «Лейпциг» (Германия), «Айнтрахт» (Германия), «Мальме» (Швеция), «Спартак» (Ресей), «Стандард» (Бельгия), «Цюрих» (Швейцария), «Бордо» (Франция), «Ренн» (Франция);

Төртінші корзина: «Аполлон» (Кипр), «Русенборг» (Норвегия), «Ворскла» (Украина), «Славия» (Чехия), «Акхисар» (Түркия), «Яблонец» (Чехия), АЕК (Кипр), «Види» (Венгрия), «Рейнджерс» (Шотландия), «Дюделанж» (Люксембург), «Спартак» (Словакия), «Сарпсборг» (Норвегия).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*