ALADOP.KZ
Еурокубок Қазақстан

Евгений Постников: «Кездесуді негізгі уақытта аяқтағымыз келген»


«Астана» қорғаушысы Евгений Постников Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі АПОЭЛЬ командасына қарсы өткен матчтан кейін өз пікірімен бөлісті.
— Бүгінгі ойын туралы әсеріңмен бөліссең? Қарсыласты қалай жеңдіңіз?
— Барлық көңіл-күй жасыл алаңда, киіну бөлмесінде қалды. Ойын екі түрлі әсер қалдырды, Бірінші таймда жақсы ойнадық. Допты қадағалап, шабуыл жасап отырдық. Екінші таймда өз қақпамызға гол өткізіп алмау жағын ойладық. Жаттықтырушы ойынды жоспарлап алу керек деген болатын. Қорғанысқа көп көңіл бөлі керектігін айтты. Негізгі тапсырма осы болатын. Екінші голды соғуға қанша тырысқанмен, қолымыздан келмеді.
— Екінші голды салмау себептеріңіз, сіз стандартты жағдайда қақпа маңында емес, алаң ортасында жүрдіңіз. 2015 жылы ХИК-тің қақпасына соққан шешуші голыңыз есімізде…
— Маған берілген тапсырма – допты қақпаға жібермеу болатын.
— Бірақ матч соңында гол соғуға бардыңыз?
— Иә, стандартты жағдайда, яғни аутқа. Ойынды негізгі уақытта немесе қосымша уақытта аяқтауға тырыстық. Пенальти – ол лотерея. Тәуекелге барғымыз келмеді.
— Топтық кезеңде бірінші жыл ойнап жатқан жоқпыз. Қарсылас ретінде қай клубтарды көргіңіз келеді?
— Барлық командалардың деңгейі бірдей. Бұл Чемпиондар лигасы емес. Ол жақта ТОП командалар ойнайды. Қалай болады, солай болады. «Янг Бойз» біздің жұптан өтті. Бірақ олар «Ювентус» және «Манчестер Юнайтедпен» ойнайды. Дегенмен, біздің дәрежеміз Еуропа лигасы. Қай команда қарсылас болатынын бүгін көреміз.

fcastana.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*