ALADOP.KZ
Еурокубок Қазақстан

Григорий Бабаян: «Жігіттер нағыз ерлік танытты»

«Астана» — АПОЭЛ матчынан кейін елордалық ұжымның бас бапкерінің міндетін атқарушы Григорий Бабаянның қатысуымен баспасөз мәслихаты болды.

— Бұл нағыз финал болды. Мұндай ойындарды тек осылай ойнайды. Иә, қателіктер болды, бірақ команда жұмыс істеді, күресті. Ойыннан алдын қосымша таймдарға да дайын болу қажеттігі айтылған. Ойында бізде де, оларда да гол соғатын сәттер болды, гол жіберіп алмағанымыз өте маңызды. Жігіттер нағыз ерлік танытты. Тағы да Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алдық, бұл — орасан зор жетістік. Барша футболшыларды, бапкерлер штабын, клубты және жанкүйерлерді құттықтаймын.

— Пенальтилер сериясының алдында ойыншыларға не айттыңыз?
— Оларға мотивация бердім, салқынқандылық сақтау қажет болды. Жігіттер жарады, бүкіл матч бойы сезімге бой алдырған жоқ.
— Бірінші минуттардан-ақ жоғары прессинг болды, кейін команда қорғанысқа көшті. О бастан есеп үшін ойнауды жоспарладыңыздар ма, әлде гол соғуды қаладыңыздар ма?
— Шынында, біз бірінші минуттардан бастап қысым көрсетпек болдық. Бірақ күшімізді сақтау қажет болды, сондықтан гол жіберіп алмас үшін, шегіндік. Егер қарсылас гол соққанда… мұндай ойындарда үш гол соғу өте қиын.
— Команда пас беруде көп қателескеніне мән бердіңіз бе?
— Бұл үлкен матч, мүлде басқаша ритм. Қазақстан чемпионатындағы жылдамдық басқаша. Мұндай деңгейде ойнап жатқанда, қысым, жауапкершілік әсер етеді.
— Серікжан Мужиковты неге алмастырдыңыз? Сіздіңше, Мужиков пен Алмейданың қай бірі мықты?
— Серікжан жақсы матч өткізді. Ол сары қағаз алды, ол бірнеше фол жасағандықтан, тәуекелге бармадық. Ойын соңында көпшілік қалжырағанына қарамастан футбол ойнады. Маевскийдің де мүлде күші қалған жоқ, ол бүкіл күшін жеңіс үшін алаңда қалдырды. Ласлоның да жағдайы солай.

fcastana.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*