ALADOP.KZ
Әлем футболы

Ковачич «Миланға» ауысуы мүмкін

«Реалдың» жартылай қорғаушысы Матео Ковачич «Миланның» келесі трансферлік мақсатына айналыпты.

Италияндық басылымдардың хабарлауынша, «Миланның» Бас директоры Леонардоның өзі бұл ойыншыға қызығып отыр екен. Бұған дейін де миландық клубтың қызығушылық танытқаны хабарланған болатын. Оның үстіне Ковачичтің өзі мадридтік клубтың қатарынан кетуге кетәрі емес.

 

Матео Ковачич «Реал» сапына 2015 жылы «Интерден» ауысқан болатын. Осы уақытқа дейін корольдік клуб сапында 73 ойынға қатысып, 1 ғана гол салған екен.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*