ALADOP.KZ
Әлем футболы

Лэмпард бапкерлік мансабын жеңіспен бастады

Фрэнк Лэмпард басқаратын «Дерби Каунти» қонақта жеңіске жетті.

Фрэнк Лэмпард осы жазда Англия Чемпионшипында өнер көрсететін «Дерби Каунти» клубына бас бапкер болып тағайындалған еді.

Кеше, 3 тамыз күні Англияның екінші деңгейлі біріншілігі жалауын көтерген болатын. «Редингке» қонаққа барған Лэмпардтың командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Дерби Каунти» ойынның соңғы секундтарында жеңісті жұлып алды.

Англия Чемпионаты

Чемпионшип

1-ші тур

«Рединг» — «Дерби Каунти» — 1:2 (0:0)

Голдар: Бедварссон, 52 (1:0). Маунт, 60 (1:1). Лоуренс, 90+4 (1:2).

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*