ALADOP.KZ
Әлем футболы

Модричтің «Интерге» ауысу мүмкіндігі туралы жаңа ақпарат

«Реалдың» президенті Луко Модричтің трансфері турасында ойлану үстінде көрінеді.

Бұған дейін еуропалық БАҚ-ы Лука Модричтің «Интерге» ауысуы турасында ақпарат таратқан болатын. «Реалдың» президенті Флорентино Перес ол туралы ойымен бөліскенде, хорват ойыншысын алатын клуб 750 миллион еуро төлеуі тиіс, — деген еді.

Il Giornale-нің хабарлауынша, Модрич үшін «Интер» әлдеқайда аз төлем жасауы мүмкін. Басылымның ақпараты бойынша, Перес Модричті 60 миллион еуроға сатуға дайын екен. Мұндай жағдайда «Реал» 25 миллион еуроға жартылай қорғауышыны маусым соңына дейін жалға береді, қалған 35 миллионды толыққанды трансфер үшін алады-мыс.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*