ALADOP.KZ
Әлем футболы

Погба «Барселонада» қай нөмірде өнер көрсетері анықталды

Поль Погба «Барселонаға» ауысқан жағдайда, клубтың аңыз ойыншысы өнер көрсеткен нөмірді алады.

Tutto Sport-қа сілтеме бере отырып, «Спорт-Экспресстің» хабарлауынша, каталондық клубтың спорттық директоры Эрик Абидаль «МЮ-дің» жартылай қорғаушысымен ойыншының «Барселонаға» ауысуы туралы мәселелерді талқылаған.

Келіссөздер барысында Франция құрамасының ойыншысына «Барселонада» 22 жыл ойнаған Андрес Иньестаның 8-ші нөмірі ұсынылған. Француз бұл ұсынысқа ризашылығын білдіріпті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*