ALADOP.KZ
Еурокубок Әлем футболы

Месси Чемпиондар лигасындағы сегізінші хет-тригіне көрімдік сұрады

УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші турында «Барселона» өз алаңында ПСВ-ны қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті.

«Камп-Ноуда» команда капитаны Лионель Месси хет-трик жасады. 31 жастағы аргентиналық футболшы сөйтіп, Чемпиондар лигасындағы хет-триктерінің санын сегізге жеткізді. Әзірге бір ойында үш гол соғу жағынан Месси озып тұр.

Сондай-ақ Месси 14 маусым қатарынан гол соққан үшінші футболшы атанып отыр. Әзірге көшбасында Райан Гиггз (16) тұр. Екінші орында Рауль (15) бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*