ALADOP.KZ
Әлем футболы

Батистутаның рекорды қайталанды

Адуынды аргентиналық шабуылшы Габриель Батистутаның Италия «А» сериясында жасаған рекорды айна-қатесіз қайталанды. «Сампдория» командасының шабуылшысы Фабио Куальярелла 11 ойын қатарынан гол соқты. Мұндай көрсеткішті Бати-гол 94/95 жылғы маусымда тіркеген еді деп жазады ФНК сайты.

Квальяреалла соңғы турда «Удинезе» қақпасына 2 пенальтиден дубль жасады. Соның арқасында «Сампдория» турнирлік кестенің 5-орнына шықты. Ал Фабионың өзі 16 гол соғып қазір сұрмергендер тізімінде көш бастады. «Сампдория» келесі ойынын 2-ақпан күні сырт алаңды «Наполиге» қарсы өткізеді. Куальярелла бұл жолы да гол соға алар ма екен?

 

1 пікір

Еркебулан 27-Январь, 2019 at 9:07

Интерге ауысып кеткен жоқ па бұл?

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*