ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сараптама

Екібастұз футболы неге құлдырап кетті?

Футболда керемет жетістікке қолайлы жағдай болмаса да жетуге болады. Бұл ойынның тарихында сөзімізге дәлел болатын жәйттар жетерлік. Неше түрлі атақты ойыншылар футболдағы алғашқы қадамдарын асфальт пен бетонның үстінде жасаған. Қазақстанда қазіргі таңда әрбір аулада футбол алаңдары бар. Балалар футболы дамыған, әрі таланттары таусылмайтын аймақтың бірі Екібастұз.

Бұл жердегі жағдай әрине өте керемет деп айтуға келмес. Дегенмен, осында жаттығып жүрген балалар республикалық жарыстарда жүлдегерлер қатарына еніп жүр. Мысалы 2017 жылы 2001 жылғы балалар өз жастарында ел чемпионы атанды. Оларды қазірдің өзінді үлкен академиялар назарларына алып отыр. Ал тіпті кейбірі өзге клубтарға ауысып та үлгерді.

Дайындық жұмыстарының да ерекшелігі бар. Алдымен техникалық шеберлікті арттыруға арналған жаттығулар орындалса, артынша дриблинг, соққы, жылдамдық пен қорғану әдістері үйретіледі. Қалған 15-20 минут ішінде жас ойыншылар екіге бөлініп футбол ойнайды. Себебі, бұл балалар қала біріншілігіне қатысып жастары үлкен футболшыларға қарсы шығады. Бұл тұрғыда жастарға нәтиже маңызды емес. Ең бастысы қазірден бастап тәжірибие жинап, шеберлік арттыра беру. Футбол мектебінің басты талабы ең алдымен осы жастарды жақсы адам қылып тәрбиелеу. Себебі, мұндағы жастардың тек 5 пайызы ғана футболшы болып кете алады.

Балалардың барлығы Роналду мен Мессиді, болмаса Неймарді пір тұтып, солар секілді футболшы болғылары келеді. Ол үшін көп жаттығу жасау керектігін де анық ұғынған.

Аймақтағы балалар футболы қарқынды дамып келе жатыр. Балаларға арналған футбол алаңдары соғылып, бапкерлер де біліктілігін арттыруда. Жетістікке жеткен футболшылар өздерінің шыққан жерлерін ұмытпай, арнайы сыйлықтарын алып келіп отырады. Осы жақында ғана өзінің алғашқы қадам басқан үйірмесіне Максим Федин де келіп кетіпті. Ұлттық құрама ойыншысымен бірге футбол ойнаған жастардың бірі кейін мықты ойыншылардың қатарында болады деген үміттеміз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*