ALADOP.KZ
Әлем футболы

Мексика құрамасының бас бапкері тағайындалды

Аргентиналық маман Херардо Мартино Мексика құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Жаңа жаттықтырушының бірінші міндеті мықты ойыншыларды іріктеу болмақ. Мартино «Барселона» мен Аргентина ұлттық құрамасын жаттықтырғаны белгілі. Былтыр ол «Атланта Юнайтед» командасымен Америка футбол лигасының чемпионы атанды.

Херардо Мартино Мексика құрамасының бас бапкері

Мен командамен әлем чемпионатының ширек финалына өтеміз деп уәде бере алмаймын. Қазіргі менің міндетім, жақсы ойнай алатын қажетті футболшыларды іріктеп алу. Құрамаға керек тізім жасалған соң, алға қойылған мақсаттар да айқындалады. 

56 жастағы маман Аргентинамен екі мәрте Америка кубогының финалына шығып, жүлдеге қол созым қалғанда тоқтады. «Барселонамен» бір маусым жұмыс істеді. Парагвай құрамасын әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткізді. Мартиноның жаңа командадағы қызметі 23-ші наурызда басталады. Мексика Чилимен жолдастық кездесу өткізеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*