ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ұлттық құрама

Михал Билек: Ең алдымен шабуыл шебін ретке келтіремін

Бүгін Астанада Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. 

— Мен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалғаныма қуаныштымын. Жігіттердің қарқынын білу үшін Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз. Ертең сол жаққа ұшамыз. Футболшылармен бетпе-бет сөйлесіп, мақсатымызды айқындап алуымыз қажет. Бізде әзірге жалпылама шақырылған аяқдопшылар саны өте көп.

— Қазақстан құрамасының бапкері болу шешіміне қанша ойландыңыз?

— 3 апта бойы ойланып, Қазақстан құрамасын баптауға келістім. Бұл мен үшін оңай шешім болмады. Себебі, мен ол уақытта чехиялық клубпен жұмыс істеп жаттым. Менің командам «Злин» маған рұқсат беріп, Қазақстан құрамасын баптауға рұқсатын берді. Мен негізінен құрама баптағанды жақсы көремін.

— Қазір жиынға 33 ойыншы шақырыпсыздар…

— Мен әлі футболшылар туралы әлі көп ақпарат біле бермеймін. Қазір құрамаға шақыртылып отырған ойыншыларды біздің көмекшілер, қазақстандағы бапкерлер шақыртып отыр. Мен оларды іріктеп аламын.

Қазақ футболы жайлы осы кезге дейін қандай ақпараттар білдіңіз? Ойындарын көрдіңіз бе?

— Осыдан бір жыл бұрын «Славия» командасының ойынын тамашаладым. Ол Қазақстанның чемпионымен күш сынасты. Сосын Мирослав Беранекпен сөйлескен едім. Іріктеудің алдында біршама уақыт бар, сондықтан да аяқдопшылардың аяқалысын байқап аламыз деп ойлаймын.

— Бірнеше ойыншы құрамда жоқ екенін байқадық…

— Мына ойыншыларды жасақтаған кезде Постников жарақат алып қалғанын ескеріп, оны жиынға шақырмадық. Ал Валерий Карпин бізге өтініш жасап, Бахтиор Зайнутдиновты әзірге құрамаға шақырмауын сұрады. Себебі, ол «Ростов» командасына сіңісіп үлгермепті.

— Станимир Стойлов Қазақстан құрамасының негізгі проблемасы шабуыл шебі деген еді. Сіз ойындарды көрсеңіз, қандай пікірдесіз?

— Иә, байқауымша шабуыл шебінде мәселе бар. Дегенмен, оны комбинациялық ойын арқылы ретке келтіруге болады. Ең алдымен осы мәселені қолға аламын.

— Александр Меркелді де шақырыпсыз. Ол құрамаға ойнайтын болды ма?

— Иә, біз оның бұрын құрамаға шақыртылғанын естідік. Ол қазір Голландияда ойнап жүр екен. Біз онымен сөйлесіп, құрамаға қайта алдыртқымыз келеді.

1 пікір

Дархан 4-Февраль, 2019 at 7:50

Обз да

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*