ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трибуна Үздіктер Әлем футболы

«Аякс» бір маусымда 160 гол соққан Еуропадағы бірінші клуб

Амстердамның «Аяксы» биылғы маусымда гол соғудан Голландия былай тұрсын «кəртамыс» құрлықтың футбол тарихында рекорд орнатты.
Эредивизияның 32 турында алаң қожайындары «Витессті» 4-2 етіп ұтып, көш басында келеді. Міне, осы нəтижемен Тен Хаг шəкірттері 2018-19 жылғы маусымда барлық турнирлерде қарсылас қақпасын 160 рет дəл көздеген Еуропадағы жалғыз клуб екен. Ал осы голдың барлығы «Аякстың» 23 футболшысына тиесілі. Голдар бойынша:

Душан Тадич- 34;

Донни ван де Бек -15;
Каспер Долберг -12;
Давид Нерес -12;
Маттейс де Лигт -6;
Френки де Йонг -4;
Мазоури -4;
Қалған 17 ойыншы тек бір голдан ғана салған.
Бір қызығы, жартылай қорғаушы Душан Тадич биыл 53 голдың (34 гол + 19 нəтижелі пас) соғылуына мұрындық болған. Яғни, «Аякс» голының үштен біріне қатысы бар Душанның рөлі ұжымда өте маңызды деген сөз.
Айта кетейік, бұған дейін қаймағы бұзылмаған ең жоғарғы көрсеткішті 1980-81 жылы 158 голмен «АЗ Алкмаар» орнатқан-ды.
Əлі «Аякстың» маусым соңына дейін 5 (біріншілікте 2, Чемпиондар лигасында 2, кубокте 1) ойыны барын ескерсек, бұл соңғы нəтиже деуге келмейді. Қалған матчтарда да Эрик Тен Хак жігіттері гол салудан көрсеткіштерін арттыра түсуі бек мүмкін.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*