ALADOP.KZ
А сериясы Басты ақпарат Бундеслига Ла Лига Трибуна

Артуро Видаль 8 жыл қатарынан чемпион болды

Чемпион атанудың сырын чилилік жартылай қорғаушыдан артық білетін ойыншы санаулы болар.

«Барселона» осымен екінші жыл қатарынан Примераның жеңімпазы атанды. Аталған көрсеткіш Артуро Видаль үшін қатарынан 8 жыл қайтананып отырған жағдай. Ол кəртамыс құрлықта 8 жыл үзбестен өзі тер төккен біріншіліктерде топ жарумен келеді. Мысалы, 2012-2015 жылдардың арасында «Ювентуспен» А сериясында 4 жыл чемпион болса, 2016-2018 жыл арасында 3 рет «Бавариямен» Бундеслиганы бағындырған. Енді міне, биыл блауграна қатарында үздік атанды.

Айта кетейік, Артуро аталған 3 клуб жейдесінде негізгі құрам ойыншыларының бірі ретінде ойнаған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*