ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трибуна Футзал Чемпиондар лигасы

Футзал: «Интер» — күтпеген жерден «Спортингке» ұтылып қалды

 Міне, сенсация! Екі жыл қатарынан чемпион болған жəне екі рет «Спортингтен» басым түскен «Интер» Лиссабонның клубынан үшінші жолы ұтылып қалды. 

«Спортинг» — «Интер Мовистар» 5:3

«Алматы-Арена». 6 700 жанкүйер.

Гол авторлары: Део 5 мин, Диегиньо 23, 29, 35, минуттарда, Кардинал 39 мин — Педру Кари, 5 мин (автогол), Бебе, 36 мин, Гадейя 39 минутта.

Матч басталғаннан сақ қимылдаған екі ұжымда шабуылда ширақ болды деп айтуға ауыз бармайды. Оның үстіне, қазіргі чемпиондар сəт сайын ойын ережесін бұзумен ғана есте қалып отырды.

Соған қарамастан ойынның есебін «Интер» футзалшылары ашты. Умбертоның тепкен добы жолай «Спортинг» қорғаушысы Педро Кариге тиіп, қақпадан табылды. Алайда, небəрі 9 секундтан кейін Португалия клубының шабуылшысы Део есепті теңестірді. Артынша, əріптесі Диегиньо екінші таймда хет-трик жасап, «Интерді» əбден састырды. Сосын, шабуылды үдеткен Испан клубы Бебенің нəтижелі соққысымен жауап қатты.  Соңғы минуттарда екі клуб та Гадейя мен Кардиналдың арқасында бір-бір голдан соғып, қорытынды есепті тіркеді.

Енді «Спортинг» 28 сəуір күні финалда «Қайрат» — «Барселона»  арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*