ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сараптама Трибуна Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: 6 турдан сандар сөйлесін. Статистикалық есеп

Қазақстан премьер-лигасының 6 тур ойындарының статистикалық есебін назарларыңызға ұсынамыз.

Қызық ақпарат бүгінгі өткен 6 турды қабылдаған алаң иелері еш бір матчта жеңіске жете алмапты.  Төрт ойын қонақтардың пайдасына шешілсе, екі матчта тең есеп тіркелді.

Бұл турда барлығы 8 гол соғылды. Оның 3-ін қазақстандықтар ойыншылар соқса, қалған 5 голдың авторы — легионерлер. Турдағы алғашқы голды ойынның 5-минутында көкшелік ойыншысы Стоянович «Атырау» қақпасына соқса, соңғы голды «мұнайшылардың» легионері Иванчич «Оқжетпес» қақпасына ойынның 65 минутында салды. Осы 6 ойынның тек біреуінде ғана қазақстандық ойыншының голы командаға жеңіс әкелді.  Яғни, «Ақтөбе» қонақта Абат Айымбетовтің нәжижелі соққысынан соң «Ертісті» жеңіп, 3 ұпайды қоржынға басты. Ал легионер соққан голдың арқасында жеңіске жеткен клуб ол — «Астана». Роман Григорчук жігіттерінен «Қайратқа» қарсы Дорин Ротариу жалғыз гол авторы атанды.  Қазақстандықтар мен легионерлер арасындағы гол айырмашылығы 3:5. Турдағы орташа гол — 1,33.

6 турда қызыл қағаз алған ойыншы саны — біреу. «Тараз» қорғаушысы Пикалкин «Шахтермен» болған ойында 61 минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Бомбардирлер: «Тобыл» жартылай қорғаушысы, әрі капитаны  Азат Нұрғалиев пен Дорин Ротариу сұрмергендер көшін бастап тұр. Екеуі де 4 голдан соққан.

Бұл турда «Ордабасының» қақпашысы Непогодов «Қайсарға» қарсы матчқа шығып, қақпасын голдан аман сақтап қалды. Ол әлі де болса биылғы маусымда гол жібермеген жалғыз — қақпашы.

«Тобыл» өз алаңында «Жетісумен» тең түсіп, ұпай жоғалтты. «Оқжетпес» осы маусымда алғаш рет үш ұпай иемденді. Алғашқы тайммен екінші тайм арасындағы гол айырмашылығы 7:1.

Алаң иелері мен қонақтардың арасындағы гол айырмашылығы 2:6.

  «Gaolstat»

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*