ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: 7 турда «Шахтёр» -Қайсарға» есе жіберді

Кеншілердің 3 матчқа созылған жеңіліссіз ойын тізбегі үзілді. 

«Шахтёр» — «Қайсар» 0:1

«Астана-Арена» стадионы.

Гол авторы: Куле Мбомбо, 20 минут.

Сыр өңірінен келген команда ойын басталған беттен өте жинақы қимылдап, «Шахтер» футболшыларының айылын аштырмады. Сəт сайын шабуылын күшейткен Қайсар ақыры есеп ашты. Матчтағы жалғыз голды Конголық шабуылшы Куле Мбобо соқты. 19 минутта Тигран Барсегиянның оң қапталдан сытылып өтті де, қақпа алдында жазғыз тұрған əріптесіне сырғыта салды. Өз кезегінде Куле ҚПЛ-дағы алғашқы голын салды.

Осылайша, Қайсардың жеңіліссіз ойын сериясы 5 матчқа жетті. Яғни, 3 турдан бері Қызылорда клубы біріншілікте əлі ұтылған жоқ.

 Шамкен БАЙЫРБЕК 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*