ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сараптама Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: 7 турдан сандар сөйлесін

 Ел біріншілігінің 7 тур ойындары да артта қалды. Назарларыңызға осы турдан статистикалық мəліметтерді ұсынамыз. 

Бұл турда алаң иелері 2 рет жеңіске жетсе, 2 матчта тең есеп тіркеліп, тағы 2 матч қонақтардың пайдасына шешілді.

Турда бар-жоғы 10 гол соғылды. Оның 4-ін қазақстандық футболшылар, қалған 6 голды легионерлер соқты. Турдағы алғашқы голды ойынның 8-минутында «Тобыл» ойыншысы Никита Бочаров «Астана» қақпасына соқса, соңғы гол «Астана» шабуылшысы Муртазаев «Тобыл» қақпасына ойынның 90+2-минутында салды.

Шкодра («Шахтерға»), Ворговский («Қайрат»), және ақтөбелік Волков, Қайыров төрешілерден қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Ал «Ақтөбеге» қонаққа барған «Тараз» қорғаушысы Мартинс 7 турдағы жалғыз автогол авторы. Аталған көрсеткіш бойынша «Тараз» командасы 3 автоголмен көш басында келеді. «Тобылдың» капитаны жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев әлі де болса сұрмергендер көшін бастап тұр, оған елордалық Ротариу мен соңғы үш турда үш гол соққан «Тараздың» Ньюдзиі қосылды. Үшеуі де 4 голдан соққан.

Бұл турда «Ордабасының» қақпашысы Непогодов қақпа кілтін ешкімге бермей, әлі де болса биылғы маусымда гол жіберген жоқ. Оның бұл сериясы осымен алты матчқа жалғасты.

Тек қазақстандықтардың арқасында «Оқжетпес» қонақта «Ертісті» жеңді. Гол авторы Санат Жұмаханов (26 мин.). Легионерлерге иек артқан «Қайсар» 0-1 есебімен сырт алаңда «Шахтерді» жеңді (Мбомбо, 20′).

«Тобыл» осы маусымда алғаш рет жеңіліп, ұпай жоғалтса, «Астана» биылғы маусымда əлі жеңіліп көрмеген жалғыз клуб. Ал, «Ақтөбе»,»Тараз» және «Ертіс» командалары маусым басталғалы тең ойнап көрген жоқ.

Алғашқы тайммен екінші тайм арасындағы гол айырмашылығы 5:5. Алаң иелері мен қонақтардың арасындағы гол айырмашылығы 5:5. Қазақстандықтар мен легионерлер арасындағы гол айырмашылығы 4:6. Турдағы орташа гол — 1,66.

Аралық;

0-9′ арасында 1 гол;
10-19′ арасында 0 гол;
20-29′ арасында 3 гол;
30-39′ арасында 0 гол;
40-49′ арасында 1 гол;
50-59′ арасында 2 гол;
60-69′ арасында 1 гол;
70-79′ арасында 0 гол;
80-89′ арасында 0 гол;
90-90+’ арасында 2 гол соғылды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*