ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Ертіс» қатарынан 3 ойында ұтылды

Бүгін Қазақстан премьер-лигасының 7 турында «Оқжетпеске» қонаққа барған «Ертіс» тағы ұтылды. 

 «Оқжетпес» — «Ертіс» 1:0

Гол авторы: С. Жұмаханов, 25 мин.

«Оқжетпес» стадионы. 1 700 жанкүйер.

Биыл біріншілікте жүлдеге таласуға ниетті Павлодардың клубы əзірге тым сүреңсіз ойнауда. Бүгін «Оқжетпестің» тегеурініне тағы шыдас бере алмады. Матчтағы жазғыз голдың авторы шабуылшы — Санат Жұмаханов. 25 минутта Санаттың айып алаңының сыртынан керіле тепкен добына «Ертіс» қақпашысы еш қауқар көрсете алмады. Бұл шабуылшының биылғы маусымдағы — 2 голы. Ойын соңына дейін барынша шабуылдап баққан Демитар Демитровтің командасы қорытынды есепке өзгеріс енгізе алған жоқ.

Осылайша, қатарынан:

-«Оқжетпес» 2 ойында ұтса,

-«Ертіс» 3 матч ұтылды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*