ALADOP.KZ
Еурокубок Чемпиондар лигасы

«Тоттенхэм»-«Манчестер Сити»: статистика не дейді?

Алдағы 11 күннің ішіндегі екі команда 3 рет кездеседі. Бүгінгі ойын тек соның біріншісі болмақ. Оның үстіне «Тоттенхэм» Хосеп Гвардиола шәкірттерін соңғы рет 2016 жылы жеңген екен.

Бүгін Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында екі ағылшындық клуб кездеседі. Осыған дейін ішкі біріншілікте бір-бірімен 157 рет күш сынасса, еурокубокте «Тоттенхэм» мен «Манчестер Ситидің» жолы алғаш рет түйісіп отыр. Шыны керек, «Менчестер Ситидің» қазіргі қарқынын ескерсек, онда алаң иелеріне шындап ойланбаса болмайды. Себебі, Сити соңғы 23 ойынның 21 жеңіп, бір ойында тең түсіп, біреуінде ғана жеңілген.  Ал «Тоттенхэм» үшін маусымның екінші жартысы сәтті өтіп жатқан жоқ. Соңғы 7 мачтың 2-еуінде ғана жеңіп, 4 рет ұтылды.

Құрамдағы өзгерістер:

Екі команда сапында негізгі құрамды таңдау кезінде бас қатыратын қиындық жоқ деуге болады. Гвардиола тек жарақатына байланысты Александр Зинченко мен Клаудио Бравоны ойынға қоса алмайды. Тек Бенжамин Менди мен Серхио Кун Агуэроның шығу-шықпауы жайы әлі анық емес.

Ал Маурисио Пачетино жігіттерінен қос Эриктің (Ламела мен Дайер) алаңға шыға алмайтындары анық.

Қызықты деректер:

  • «Тоттенхэм» өз тарихында шиек финалға осымен екінші рет шықса, Манчестер ұжымы бұл нәтижесін соңғы 4 жылда 3 рет қайталап отыр.
  • 1/16 кезеңдегі «Боруссиямен» болған жеңісті ойын «Тоттенхэм» үшін плей-офф сатысындағы өз алаңдағы бірінші жеңіс.
  • Гвардила өз баптаған соңғы екі жыл бойы осы ширек финалдан ары аса алмай келеді. Өткен маусымда Леверпульге ұтылса, алдыңғы жылы «Пари Сен-Жерменге» есе жіберген.
  • «Манчестер Сити» плей-офф кезеңнің сырт алаңда өткізген соңғы 4 ойынында 2 голдан кем доп соқпаған.

Матчқа голланд Бьорн Кейперс қазылық етеді. Осы маусымда 46 жастағы төреші 5 ойында қызмет етіп үлгерген.

   Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*