ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары АПЛ Басты ақпарат Сараптама УЕФА Үздіктер Әлем футболы

«Челси»-«Арсенал»: жаңарған көрсеткіштер мен қызықты статистика

Бакуде өткен Еуропа лигасының финалында екі ағылшын, екі Лондонның клубы кездесіп Челси 4:1-мен жеңіске жетті. Унай Эмеридің дәл осы бәсекеде топ жаруда тәжірибесі жеткізікті еді. Алайда, испан бапкері білгенінен жаңылды.

Енді назарларыңызға осы финалдық матчтан кейінгі тіркелген қызықты статистика мен рекордтарды ұсынымыз

1. «Челси» Еуропа лигасының тарихында турнир бойы жеңілмеген әрі топ жарған бірінші команда атанды. Сарри шәкірттері 12 ойында жеңіске жетсе, қалған 3 ойында тең түскен. Ал Чемпиондар лигасының тарихнамасында дәл осындай жағдай ертерек тіркетіп қойған. 2007-08 жылғы маусымда «МЮ» жеңілістің ащы дәмін татпаған-ды.

2. «Челси» 2010 жылдан бері еурододалар финалында негізгі құрамда ағылшындық футболшы шығармаған ұжым атанды. Осыдан 9 жыл бұрын Чемпиондар лигасының «Интер» мен «Бавария» арасындағы финалда «Интер» негізгі құрамда бірде-бір итальян ойыншысын шығармай, тек легионерлерге арқа сүйеген еді.

3. Финалдағы тұсаукесер голдың арқасында Оливье Жиру ағылшын клубтары сапындағы бір еуромаусымда 11 гол соққан футболшы атанды. Соңғы рет бұндай көрсеткішті 14 жыл бұрын 2004-05 жылы Алан Ширер тіркеп, турнирдің үздік сұрмергені болған.

4. Петр Чех — Еуропа лигасының финалын шыққан екі клубтың да сапында ойнаған бірінші футболшы атанды. Естеріңізге сала кетейік, Чех 2012-13 жылғы финалда «Челси» жейдесінде «Бенфикаға» қарсы алаңға шықса, кеше  «Арсеналмен» бұрынғы командасына қарсы ойнады.

5. «Арсенал» Еуропа лигасы тарихында 4 бірдей финалдық матчта да гол жіберген жалғыз ұжымға айналды. Кешегі күнге дейін бұл нәтижені 2005-06 жылы басқа ағылшын клубы «Мидлсбро» «Севильядан» гол жіберіп тіркеген-ді.

6. Маурицио Сарри бір маусымда «Челси» бас бапкері ретінде 39 матчта жеңіске жетті. Клуб тарихында бұл әзірше 2 көрсеткіш. Көш басында 2004-05 маусымда 42 ойында жеңіске жеткен Жозе Моуриньо тұр.

7. Педро Родригес — Чемпиондар лигасында, УЕФА Суперкубогында, клубтар арасындағы әлем чемпионатында (Барселона сапында), Еуропа лигасында (Челсимен), Әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатында (Испания құрамасымен) жеңімпаз атанған тұңғыш футболшы болып тіркелді.

8. Педро Родригес «кәртамыс» құрлықта Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының финалында да гол соққан 5 футболшы. Испандық шабуылшыға дейін Аллан Симонсен, Эрнан Креспо, Дмитрий Аленичев пен Стивен Джеррардтан екі белді бәсекенің ақтық сынында гол соққан.

9. Маурицио Сарри өзінің бапкерлік қызмет жолындағы алғашқы жүлдесін 60 жасында жеңіп алды. Гвардиолада арман жоқ шығар. Тағы бір қызығы, Сарри Еуропа финалында топ жарған бірінші итальян маманы.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*