ALADOP.KZ
Басты ақпарат Бундеслига Стадион Әлем футболы

Көлдей аққан сыра. Франк Рибериді əріптестері қалай шығарып салды? (видео)

«Бавария» Биндеслиганың соңғы турында «Аусбургты» 3:0 есебімен ұтып, клуб тарихындағы 23 чемпиондыққа қол жеткізді. Матч аяқталған соң «Бавария» ойыншылары маусымның сәтті аяқталуын сырамен атып өтті. Міне, осы сәтте Франк Рибери мен Джером Боатенг арасында аз кем түсініспеушілік орын алды.   

 

Осы оқиғадан соң Франк Рибери әріптесіне қатты ренжігенін жеткізді. Өз сөзінде:

«Джером менің мұсылман екенімді біледі. Оның үстіне менің алкогольды ішімдікке әуес еместігімнен де хабардар. Мен ендігі әрі онымен сөйлеспеймін», — деген болатын.

Ал Бавария қорғаушысы матчтан кейінгі сұхбатында аталған жайтқа қатысты былай деді:

«Франк досым екеуміздің арамыздағы қарым-қатынас жақсы. Иә, мен оның мұсылман екенін білемін. Негізі сыра алкогольсіз болатын. Сондықтан уайымдаудың еш реті жоқ», — деді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*