ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Еуропа лигасы Ла Лига Трансфер Әлем футболы

Эден Азар: «Бұл мен үшін қоштасу матчы»

«Челсидің» белгиялық ойыншысы Эден Азар Бакудегі Еуропа лигасының финалына кейінгі сұхбатында қызықтың шетін шығарды.

 «Бұл мен үшін қоштасу матчы. Бірақ алда не болатынын ешкім білмейді»,-деп сөз бастаған футболшы финалдан алған әсерін бөлісті.

«Ойын басталмас бұрын да ойын кезінде де біз қатты қобалжыдық. Өйткені, бұл финалдық матч қой. Үзілісте бапкер бізге барынша батыл қимылдап, өз ойынымызды жоғалтпау керегін айтты. Оливье гол соққан соң бәріміз шамалы тынышталып, сенімді ойнай бастады. Матч соңына қарай сәл босаңсып, гол жіберіп алдық. Тағы гол жіберіп алумыз мүмкін еді. Алайда, қарсыласқа сәттілік жетіспеді. Бұл жүлде клуб үшін өте маңызды». 

Естеріңізге сала кетейік, Азармен клуб арасындағы келісім-шарт 2020 жылға дейін жарамды. Алайда, белгиялық футболшы биыл жазда «Реал» сапына ауысқысы келеді. Өз кезегінде «Челси» Эденді кемі 150 млн. еуро төлеуге әзір клубқа ғана сатуға ниетті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*