ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары Басты ақпарат Ла Лига Үздіктер Әлем футболы

Лионель Мессидің Ла Лигадағы кезекті рекорды

«Барселонаның» 31 жастағы шабуылшысы Лионель Месси примераның соңғы турында «Эйбар» қақпасына екі гол салған еді. Бұл дубльдан соң Месси біріншіліктегі голдар санын 36-ға жеткізді. Осылайша, Лео қатарынан 3 рет , жалпы 6 рет Ли Лиганың үздік сұрмергені атанып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша да аргентиналық шабуылшы кезекті рекордтың қаймағын бұзды. Бұған дейін 6 рет сұрмерген болған тек «Атлетик» шабуылшысы Тельмо Сарра ғана болатын. Енді Лео да бұл қатарда. Тіпті қазіргі қарқынын есепке алсақ, келесі маусымда басып озуы да ықтимал.

Ал бес рет сұрмерген атанған 5 футболшы бар. Олар: Уго Санчес, Альфредо Ди Стефано және Кини.  Ал Ференц Пушкаш бұл жүлдені 4 рет, Криштиану Роналду 3 рет иеленген.

Алдағы уақытта Лео «Марка» газеті жыл сайын табыстайтын «Сарра» жүлдесін алады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*