ALADOP.KZ
Басты ақпарат Еуропа лигасы Сұхбат Трансфер Әлем футболы

М. Сарри: «Мен «Челсидегі» жұмысымды жалғастыруа беруге лайықтымын деп ойлаймын»

«Челси» бас бапкері Маурицио Сарри Бакудегі Еуропа лигасының финалынан кейін баспасөз жиынында соңғы кездегі оның қызмет орнына қатысты қауөсектерге жауап берді.

Шынымды айтсам мен бұл жүлдеге қол жеткізгенімізге қатты қуанып отырмын. Өйткені, биылғы мауым барысында қаңтар мен ақпан айларында командада аздап құлдырау байқалды. Қуанышқа орай, біз ол тығырықтан дер кезінде шығып, АПЛ-да Чемпиондар лигасына берілер жолдамаға ие болдық.

Ойынға келер болсам, бұл осы маусымдағы біз үшін 64 матч. Әрине, физикалық, психологиялық жағынан қиын болғанын жасырмаймыз. Мен ойыншыларға не де болса батылырақ ойнаңдар деп кеңес бердім. Сәтін салып, біз бүгін қиын қарсыластан айламызды асыра алдық».

Осыдан соң 60 жастағы итальян маманы өзінің Лондон клубындағы болашағына тоқталып өтті.

«Маған клуб басшылығымен бірге бас қосып, менің клубқа, клубтың маған не бере алатынын бағамдауымыз керек. Шынымды айтсам, маған  АПЛ-дағы, «Челсидегі» жұмысым ұнайды. Алайда, маусым соңында өткеннің бәрін таразылап отырған жөн. Негізі мен «Челсиде» өз қызметімді жалғастыра беруге лайықтымен деп есептеймін. Бірақ бұл жерде тек менің қалауым ғана жеткіліксіз». 

Осындан кейін Эден Азармен арадағы қарым қатынасы жөнінде былай деді:

Меніңше, Азар жоғары деңгейлі ойыншы. Иә, басында аздап түсінісе алмаған кездеріміз болды. Маған оны толық тану үшін 2-3 айдай уақыт кетті. Енді мен оны түсінемін деп айта аламын. Мен Азардың клубтан кеткісі келетінін білемін әрі оның шешімін сыйлаймын». 

 Шамкен БАЙЫРБЕК. 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*