ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сараптама Трибуна Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: 11 турдан сандар сөйлесін

Ел біріншілігінің 11 турыда алдыңғы 10 тур секілді екі күнге жалғасты.

ҚПЛ-дың 11-турында алаң иелері 3 рет жеңіске жетсе, 2 матч қонақтардың пайдасына шешілді, тағы бір матчта командалар тең тарқасты. Турда жалпы 17 гол соғылды. Оның 7-ін қазақстандықтар ойыншылар соқса, қалған 10 голды авторы — легионерлер.

Турдағы алғашқы голды ойынның 5-минутында «Қайраттың» украниналық шабуылшысы Адринсола Эсеола «Ертіс» қақпасына соқса, соңғы голды Тобыл жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин «Атырау» қақпасына ойынның 90+3-минутында салды.

11 турда тек бір ғана пенальти белгіленді. «Астана» қақпасына белгіленген он бір мерлік айып добын «Шахтер» ойншысы Марат Шахметов сәтті орындап, есепті теңестірді.

Он тур бойы үздік сұрмергендердің көшін бастап тұрған «Тобыл» капитаны Азат Нұрғалиев осы турда дубль авторы атанған «Қайрат» шабуылшысы Адеринсола  Эсеола мен Астана шабуылшысы Марин Томасовқа орнын босатты. Енді украиналық пен хорват легионері қазір 6 голмен көш басында. Ал 5 гол соққан ойыншылардың саны тура бесеу. Олар: Азат Нұрғалиев («Тобыл»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Жоао Пауло («Ордабасы»), Серж Ньюадзи («Тараз»), Сергей Зенёв («Шахтер»).

Ал «Ақтөбе» алғаш рет биылғы маусымда тең түсті. Енді тек «Тараз» және «Ертіс» командалары ғана маусым басталғалы тең ойнап көрген жоқ.

Алғашқы тайммен екінші тайм арасындағы гол айырмашылығы 10:7. Алаң иелері мен қонақтардың арасындағы гол айырмашылығы 11:6. Қазақстандықтар мен легионерлер арасындағы гол айырмашылығы 7:10. Турдағы орташа гол — 2,83.

0-9′ арасында 2 гол;
10-19′ арасында 1 гол;
20-29′ арасында 1 гол;
30-39′ арасында 3 гол;
40-49′ арасында 3 гол;
50-59′ арасында 1 гол;
60-69′ арасында 0 гол;
70-79′ арасында 3 гол;
80-89′ арасында 1 гол;
90-90+’ арасында 2 гол соғылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*