ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трибуна Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Қайрат» соңғы минутта «Тобылға» жеңісті беріп қойды

Шпилевский шəкірттері қатарынан 3 тур жеңістің не екенін ұмытты.

«Қайрат» — «Тобыл» 0:1.

Орталық стадион. 5 000 жанкүйер.

Гол авторы: Тұрысбек, 87 мин.

Көш басындағы Астананың соңына түскен екі клуб үшін де бұл ойын маңызды-тын. Сол себепті екі ұжым барынша жинақы ойнады.

Матч басынан алаң қожайындары орта қашықтықтан тепкен доптармен жиі шабуылдады. Ал 30 минуттардан бастап «Тобыл» ойыншылары белсенділік танытты. Осылайша тайм голсыз аяқталды.

Үш ұпайдың ауадай қажетін ұққан «Қайрат» екінші таймды тегеурінді бастады. Бірақ 54 минутта шабуылшы Адеринсола Эсеола допты тура қақпаға тебе алмаса, 67 минутта Ғафуржан Сүйімбаев шірене тепкен доп қақпадан сəл ғана қисық кетті. Дегенмен маңызды, жеңісті голды 87 минутта Бауыржан Тұрысбек салды. Бір қорғаушыны алдап барып тепкен добы жолай Айбол Əбікенге тиіп, қақпадан бір-ақ шықты. «Тобыл» осылайша маңызды 3 ұнайды олжалады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*