ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трибуна Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Қайсар» шындап із қуып келеді

ҚПЛ-дің 11 турында «Оқжетпеске» қонаққа барған «Қайсар» тартысты ойында 3 ұпай олжалап кетті. Осылайша, 11 матчта 23 ұпай жинап, Астанадан кейінгі 2 орында келеді. 

«Оқжетпес» — «Қайсар» 1:2.

«Оқжетпес» стадионы. 3 000 жанкүйер.

Гол авторлары: Данило, 37 мин, — Т. Барсегян, 10 мин, Д. Джон, 75 мин.

Шыны керек, бұл ойынды «Қайсар» өте тегеурінді бастады. Нəтижесінде Стойчо Младенов баптайтын команда 10 минутта есепте алға шықты. Армениялық жартылай қорғаушы Тигран Барсегян айып алаңының  сыртынан шірене тепкен добына «Оқжетпес» қақпашысы дайын болмай шықты. Айта кетейік, осы сəтте допты қайтарам деп аяғын қайырып алған Джурахон Бабаханов жарақат алып, ойынды жалғасыра алған жоқ.

Өз кезегінде шабуылын үдеткен алаң иелері 37 минутта Данилоның дəл соққысынан соң таразы басын теңестіріп, үзіліске аттанды.

Екінші таймның басынан бастап шабуылдаумен болған «Қайсар» 75 минутта дегеніне жетті. Ойынға 60 минутта тыңнан қосылған Джошуа Джон қорғаушыдан əуедегі қақтығыста айласын асырып кетті. Матч соңына дейін сауатты қорғанған қонақтар 3 ұпайды ала кетті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*