ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трибуна Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Астана» екінші айналымды сылбыр бастады

Сырт алаңда «Оқжетпестен» айласын асыра алмады. 

«Оқжетпес»- «Астана» 1:1.

Матч басынан «Астана» ойыншылары тізгінді қолға алып, шабуылдаумен болды. Таза гол соғатын сəтте Ротариу мен Мұртазаев білгенінен жаңылып жатты. Алайда, тура тайм түгесілер шақта Роман Мұртазаев ақыры есеп ашып, командасын алға шығарды.

Ал екінші таймда алаң иелері сəлде болса қарсылық көрсетіп, қарымта шабуылда өткір қимылдай бастады. Ал «Астана» шабуылдарына дəлдік жетіспей жатты. Түбі төреші қосқан 4 минуттың алғашқысында Милан Стоянович айып соққысынан дəл орындап таразы басын теңестірді де кетті.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*