ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Астана» — «Жетісуды» əзер ұтты

Бүгін ҚПЛ-ның 13 тур ойындары өтті. 

«Астана» — «Жетісу» 1:0.

Гол авторы: Е. Постников, 36 мин.

«Астана-Арена» стадионы. 1 500 жанкүйер.

«Астана-Аренадағы» екі команда арасындағы матчтың бірінші таймы аса қызық бола қойған жоқ. Тек алаң иелері 36 минутта сол қапталдан əуелете асырылған бұрыштама добынан соң есеп ашты. Допқа бəрінен бұрын жеткен қорғаушы Евгений Постников «Астананы» алға шығарды.

Ал голсыз өтсе де екінші тайм қызықырақ өтті. Үзілісте бапкер сөзінен нəтиже шығарған «Жетісу» футболшыларында таразы басын теңестіретін бірнеше мүмкіндік болған еді. Бірақ бірде сəттілік жетіспесе, бірде шабуылды түйіндейтін қырағы сұрмерген жетіспей жатты. Ал «Астана» көбіне қарымта шабуылда ойнауды жөн көрді. Сондай сəттердің бірінде 79 минутта «Жетісу» қорғаушысы Олжас Керімжанов екінші сары қағаз алып алаңнан қуылды. Дегемен бұдан кейін де «Астана» екінші голды соға алған жоқ. Ал қонақтар шабуылдаудан тартынған жоқ. Матч осы қарқында жалғыз голмен аяқталды.

«Астана» осы жеңістен соң өз алаңында өткізген соңғы 3 матчтағы алғашқы жеңісіне жетті. Қазір Григорчук шəкірттері 32 ұпаймен көш басында. Ізінен 26 ұпайы бар «Тобыл» келе жатыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*