ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трибуна Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: «Ертіс» — «Астананы» жеңіп, турдың сенсациясын жасады

Өз алаңында Демитровсыз қалған «Ертісті» қабылдаған ел чемпиондары 9 турда күтпеген жерден ұтылып қалды.

«Астана» — «Ертіс» 0:1.

«Астана-Арена» стадионы. 1300 жанкүйер.

Гол авторы: Рохер Каньяс, 78 мин.

Алғашқы минуттардан бастап ойын тізгінін қолға алған «Астана» тайм соңына дейін шабуылдаумен болды. Дегенмен алаң қонақтары сəтті қорғана біліп, арасында қарымта шабуылды да сəтті ұйымдасырумен болды. Бірақ бірінші таймда гол соғылмады.

Содан болар матчтың екінші бөлігінде екі ұжым да шабуылға ден қойды. «Астана» позициялы, ал «Ертіс» жылдам қарымта шабуылдарға иек артумен болды. Ертіс ойыншылары жеңіс голын 78 минутта айып соққысынан соң салды. Əуелеп келген допқа қорғаушылардан бұрын жеткен Рохер Каньяс баспен допты жақын бұрышқа «шегеледі». Ненад Эрич соққыға еш қауқар таныта алмады. Ойын біткенге дейін бар күшімен есепті теңестіруге тырысқан «Астана» ойыншыларына бірде тура соққы бағыттаудың сəті келмесе, бірде «Ертіс» қорғаушылар допқа бірінші жетіп жатты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*