ALADOP.KZ
Басты ақпарат Еуропа лигасы УЕФА Әлем футболы

Әзірбайжанның спорт министрі: «Финалға келмегені Мхитарянның өз кінәсі»

Армениялық футболшы Генрих Мхитарянның Бакуде өтетін Еуропа лигасының финалына саяси шиеленіске байланысты қатыспайтыны белгілі болған. Бүгін ол командамен бірге Әзірбайжан астанасына келген жоқ. Ал осы келеңсіз жайтқа байланысты Әзірбайжанның спорт министрі Азад Ригимов былай деді:

-«Мүмкін біз Мхитарянға жеке ұшақ жіберіп, оққағарлармен түгел қоршап әкелуіміз керек пе еді? Біз өз тарапымыздан УЕФА мен «Арсеналға» мүмкін болған барлық қауіпсіздік шараларын жасайтынымызды жеткіздік. Жеке өз басым Генрихтің қауіпсіздігіне мемлекеттік кепілдемемен ресми хат жазып та бердім. Осыдан соң Англиядағы Әхірбайжан елшісі Генрихпен кездескісі келді. Бірақ футболшының өзі бұл шақыруға еш үн қатпады». 

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*