ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сұхбат УЕФА Қазақстан

Айдын Қожахмет: «Еуропа лигасының алғашқы айналымынан мықты қарсыластарға кез болдық»

 Шілде айының алғашқы аптасынан бастап Қазақстанның командалары Еурокубок жолындағы ойындарын бастайды. Швейцарияның Ньон қаласында жеребе тарты рәсімі өтіп, отандық командаларымыз алғашқы кезеңдегі қарсыластарының есімдерін тегіс біліп алды. Чемпиондар лигасындағы «Астанамызға» ең қиын қарсыластың бірі түсті. Румынияның «ЧФР Клуж» командасы рейтингі жоғарылардың бірі еді. Ал «Тобылға» жеребе жолдас болды. Қостанайдың ұжымына Люксембургтың «Женесс» командасы қарсылас болады.

«Астананың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы Румыния чемпионы «ЧФР» командасы. Клуж қаласының ұжымы клубтар арасындағы рейтингте 110-орында тұр. Румыниялық клубтың сапында қазақ жанкүйерлеріне таныс футболшы Чиприян Дияк ойнайды. Бірнеше жыл бұрын ол «Тобыл» мен «Ақтөбе» сапында доп тепкен еді. Ал бұл клубтың ең басты мықты жері — бапкері. Атақты футболшы болған Дан Петрескудың бапкерлік қызметі де өте жоғары бағаланады. Петреску Ресей біріншілігінде өте жемісті қызмет қылды. Бұл командалар арасындағы бірінші матч Нұр-Сұлтан қаласында, 9 шілде күні өтеді. Ал жауапты ойын Румынияда 1 шілдеде өтпек.

Осы орайда біз тәжірибелі, әрі тісқаққан спорт журналисі Айдын Қожахметтің пікіріп білген едік.

 «Қайрат» Еуропа лигасының бірінші айналымында боснияның «Широки Бриег» командасымен кездеседі. Алексей Шпилевский баптайтын Алматының командасы 11 шілде күні алғашқы ойынды Боснияда өткізеді. Бұл команда осыған дейін Қазақстанға екі мәрте келген еді. 2013 жылы олар Павлодардың «Ертісін» жарыстан шығарған. Ал 2017 жылы Шымкенттің «Ордабасы» командасы дәл осы ұжымнан жеңіліп қалған-ды».

 «Қостанайдың «Тобылы» бірінші айналымда Люксембург командасы «Женесспен» кездеседі. Эш-Сюр-Альзетт қаласының командасы қазақстандық командамен бірінші мәрте кездескелі тұр. Владимир Газзаевтың командасы тұрақты түрді мықты ойнамаса да, дәл осы команданы жеңе алатын қауқары бар. Сондықтан да, теке тірес фавориті болып біздің команда саналып тұрғаны бекер емес. «Тобыл» бұл ойындарда қандай қырымен басым түсе алады?»

«Ордабасы» командасына жеребеде Грузияның «Торпедо» командасы қарсылас атанды. Шымкенттің командасына қонақтағы ойын қиынға соғуы мүмкін. Себебі «Рамаз Шенгелия» атындағы стадионға орташа есеппен 15 мыңға жуық жанкүйер жиналады. Кутаиси қаласының командасы осы кезге дейін Қазақстандық командамен кездескен де болатын. Грузиялықтар «Ақтөбемен» кездесіп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болған. Айта кететіні «Ордабасы» командасының бас бапкері грузиялық маман Қахабер Цхададзе, ол қарсылас команданың қандай ойын көрсететінін тамаша білетіні анық».

Ермұхамед Мәулен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*