ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Рокордтар Трансфер Үздіктер Әлем футболы

Азар — таныстырылымға 50 мың жанкүйер жинап, 6 орынға шықты

Эден Азардың «Реал» сапындағы таныстырылымын көру үшін «Сантяго Бернабеу» атындағы стадионға 50 мың жанкүйер келді. Клуб менеджерлерінің алдын ала болжамы орындалмай, Криштиану Роналду 10 жыл бұрын тіркеген рекордтың қаймағы бұзылмады. Ол кезде Крироны көру үшін стадионға 75 мың адам ағылған-ды. Оған қоса əлемдегі таныстырылым рекорды да осы португалдық сұрмергенге тиесілі. Ал толық тізім мынандай:

1. Криштиану Роналду — 2009 жылы, 75 мың. Реал.

2. Диего Марадона — 1984 жылы, 65 мың, Наполи.

3. З. Ибрагимович — 2009, 60 мың Барселона.

4. Неймар, 2013 жылы, 57 мың, Барселона.

5. Кака, 2009 жылы, 55 мың, Реал.

6. Э. Азар, 2019 жылы, 50 мың, Реал.

7. Фернандо Торрес, 2015 жылы, 50 мың, Атлетико.

8. Карлос Тевес, 2015 жылы, 45 мың, Бока Хуниорс.

9. Хамес Родригес, 2014 жылы, 36 мың, Реал.

10. Давид Вилья, 2010 жылы, 35 мың, Барселона.

11. Гарет Бейл, 2013 жылы, 25 мың, Реал.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*