ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Трибуна Әлем футболы

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы 14 айға сотталды

«Бешикташ» қорғаушысы Коррейя Адриано салықтан жалтарғаны үшін Испания сотының шешімімен14 ай бас бостандығынан айырылды. Бразилиялық футболшы ертеректе 650 мың еуро салық төлемеген көрінеді. Енді ойыншы бұл қылығы үшін тағы 1 млн. еуро айыппұл төлеуі тиіс.

Дегенмен «Sport.es» мәліметінше футболшы түрмеге отырмайды. Өйткені, Испанияда шартты түрде 12 айдан, яғни 2 жылдан артық мерзімге кесілген жағдайда ғана темір торға тоғытылады. Енді 34 жастағы футболшы жақын арада келісілген сомманы төлеуі қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Адриано 12 жыл Испанияда тұрып «Севилья» мен «Барселона» жейдесінде өнер көрсетті. Каталон клубы сапында Испанияның 5 дүркін чемпионы, Чемпиондар лигасын 2 мәрте алғаны бар.  Ал «Севильямен» Адриано УЕФА кубогын екі рет жеңіп алған-ды. Сосын 2016 жылы 2.3 млн. еуроға «Бешикташ» сапына ауысты.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*