ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сараптама УЕФА Чемпиондар лигасы Қазақстан премьер-лигасы

Чемпиондар лигасы: «Астана» үшін «ЧФР» оңай қарсылас емес. Сандар сөйлесін!

Санаулы сәттер бұрын ғана Ньонда ел чемпионы «Астана» Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Румынияның «ЧФР» командасымен кездесетіні белгілі болды.  

Енді осы орайда екі ұжымның шама-шарқын көз алдымызғы елестету үшін кейбір деректерге назар аудара кетсек. Алдымен «Астанаға» кезек береміз.

Соңғы 5 жылда чемпиондықты ешкемге бермей жүрген «Астана» УЕФА рейтингінде 57 орында тұр. Бас бапкері украиналық маман — Роман Григорчук. Өз алаңындағы ойындарды 30 200 жакүйерге арналған «Астана-Арена» стадионында өткізеді. «transfermarkt.de» сайтының мәліметіне сүйенсек, жалпы құрамның құны — 23.73 млн. еуро. Орта жасы — 26.8 жас. Бас-аяғы 12 ойыншысы 7 елдің ұлттық құрамсында ойнайды. Өз тарихында клуб 5 дүркін Қазақстан чемпионы атанса, Қазақстан Кубогін 3, ал Суперкубокті 4 дүркін иемденген.

Ал ендігі кезекте қарсылас команда туралы сөз қозғасақ:

«ЧФР Клуж» — УЕФА рейтингінде 110 орынға табан тіреген.  Лақап аттары — «теміржолшылар». Бас бапкері — румын Дан Пэтреску.  Өз алаңындағы матчтарды 23 500 орындық «Константин Рэдулеску» атындағы стадионда өткізеді. Дәл сол Германияның «transfermarkt.de»сайтының ақпараты бойынша құны 25.45 млн. еуро. Құрамның орта жасы — 27.9 жас. «ЧФР»-да өз елінің 5 дүркін чемпионы, 4 рет Румыния Кубогы мен 3 рет Суперкубокте топ жарған.

Жалпы алғанда 4 ойыншысы екі елдің ұлттық құрамасында ойнайды. Оның 3-еуі Румыния құрамасы болса, Адам Ланг Венгрияның намысын қорғайды. Одан бөлек, тағы 3 футболшысы Венгрия U-21 жастар құрамасына шақыртылып жүр.

Жоғарыдағы деректерге қарап екі клубтың да деңгейі бір және келесі кезеңге өте мүмкіндігі 50 де 50 деп топшылай аламыз. Сондықтан, екі бірдей тартысқа толы матч көріп қалуымыз бек мүмкін.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*