ALADOP.KZ
Лига 1 Әлем футболы

Леандро Паредес: “Мен “ПСЖ” сапында қаламын”

“Париж Сен Жерман” футбол клубының жартылай қорғаушысы, өзінің француздықтар сапында қалатындығын мәлімдеді.

“Иә, мен осында қаламын,  өзімді Парижде бақытты сезінемін. Сыбыстар? Жоқ , мен  ешқандай клубқа ауыспаймын”,-деді Паредес.

Естеріңізге сала кетсек, аргентиналық футболшының “ПСЖ” сапынан кетіп , “Зенит” сапына қайта оралады немесе “Лацио” клубының хавбегі Сергей Милинкович-Савичті алмастырады деп хабарланған болатын. Алайда футболшы бұның барлығын жоққа шығарды.

“ПСЖ” Паредесті қаңтар айында “Зениттен” 47 миллион еуроға сатып алған болатын.

Футболшы париждіктер сапында 22 матчта алаңға шығып, 2 голдық пастың авторы атанды. 2018/19 жылы Франциялық “ПСЖ” және Ресейлік “Зенит” сапында чемпион атанды.

 

Дайындаған:Әлішер Хабидолла

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*