ALADOP.KZ
Copa America 2019 Ала доп аңыздары Басты ақпарат Сұхбат Үздіктер Әлем футболы

Лионель Месси: «Копа Американың тобынан шыға алмау нағыз ақымақтық»

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Копа Америка-2019 аясында Парагваймен ойнап, тең аяқталған (1:1) матчтан кейін командасының алдағы мүмкіндіктері туралы өз пікіріп білдірді.

«Америка Кубогының топтық кезеңінен ары аса алмау нағыз ессіздік, ақымақтық дер едім. Өйткені, алдыңғы жылдары финалға дейін жетіп жығылатынымызды есепке алар болсақ. Бізге өз ойынымызды жақсарту үшін тағы біраз жұмыс істеу керек. Егер турнирді жалғастырғымыз келсе, келесі ойында міндетті түрде жеңіске жету қажет. Парагваймен болған ойында алаң жиегінде отырған командаластарымның біз үшін қалай қобалжығанын көрдім. Сондықтан, біз алдағы матчта жеңіс үшін қолдан келердің бәрін істеуіміз керек». 

Естеріңізге сала кетейік, Аргентина құрамасы топтық кезеңдегі екі матчтан кейін бір ұпай жинап, топтан шыға алмау қаупі төніп тұр. Соңғы 3 турда «альбасете» Катармен, ал  Парагвай құрамасы Колумбиямен кездеседі.

 Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*