ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: бірін-бірі ала алмаған «Қайрат» пен «Жетісу»

VAR-ды қажет еткен ойын болды.

«Қайрат» — «Жетісу» 0:0. 

ҚПЛ-дың 15 туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Жетісуды» қабылдап алғашқы айналымда кеткен есесін қайтара алмады. Тіпті, жеілудің аз-ақ алдында қалды.

Матчты алаң иелеріне қарағанда «Жетісу» ойыншылары ширақ бастады. Алдымен, Елжас Алтынбековтің керіліп кеткен добын Покатилов тойтарды. Ал бірінші таймның төреші қосқан соңғы минутында даулы оқиға орын алды. Оң қапталдан келген пасты түйіндеген Камо Оганесянның соққысынан кейін доп Стас Покатиловтың уысынан сусып кетті. Алайда, қақпашы допты сызықтың бойынан алып шықты. «Жетісу» ойыншылары төрешіге шағым айтқанымен гол есептелген жоқ.

Ал 2 таймның басында гол соғатын ұтымды сәт «Қайрат» капитаны Бауыржан Исламханда болды. Дегенмен, бұл жолы да Бауыржанға дәлдік жетіспеді. Тепкен добы қақпадан әлдеқайда биік ұшты. Ойын соңына дейін екі ұжым да қауіпті шабуыл ұйымдастарғанымен шешуші сәтте мүлт кетіп жатты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*