ALADOP.KZ
Басты ақпарат Шолу Қазақстан Қазақстан премьер-лигасы

ҚПЛ: Осы маусымдағы «Астананың» 5 жеңілісі

«Астана» — «Қайрат» 0:2.

Гол авторлары: Р. Дугалич, 68 мин, А. Əбікен, 71 мин.

ҚПЛ-дің 16 турындағы басты матч «Астана» мен «Қайрат» арасындағы «ел-классико». Осы ретте «Астана» белгілі себептерге байланысты өз алаңындағы бұл ойынды «Астана-Арена» стадионында емес, Павлодардағы Орталық стадионда өткізгенін айта кетейік.

Матч басында көбіне «Астана» шабуылдауда белсенді қимылдады. Ал 20 минуттан бастап Алматы ұжымы тізгінді өз қолына ала бастады. Дегенмен үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Ал матч тағдыры 2 таймда небəрі 4 минуттың ішінде шешілді. Алдымен, Бауыржан Исламхан орындаған бұрыштама добынан кейін Ненад Эричтің қателігін сəтті пайдаланған Раде Дугалич өз командасын есепте алға шығарды. Ал артынша 71 минутта Иван Маевскийдің олқылығынан соң Айбол Əбікен құлай тепкен допқа «Астана» қақпасысы қауқар таныта алмады.

Павлодардағы ойын «Астана» үшін маусымдағы 5, қатарынан екінші жеңіліс болып отыр. Енді қазіргі ел чемпиондары 35 ұпаймен 2 орынға түсіп қалса, көш басына «Тобыл» жайғасты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*