ALADOP.KZ
Басты ақпарат Лига 1 Трансфер Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

«ПСЖ» — Милинкович-Савичті сатып алу үшін, бір ойыншысын қосып бермек

«Пари Сен-Жермен» жақын күндері «Лацио» жартылай қорғаушысы Сергей Милинкович-Савичтің трансферін аяқтамақ. Тіпті, ол үшін өткен жазда «Зениттен» 47 млн. еуроға сатып алған Леандро Паредесті де қоса беруге мүдделі. Өйткені, «Лацио» сербиялық футболшы үшін кемі 75-80 млн. еуро сұрап отыр. Ал «ПСЖ»-ның спорттық директоры Леонардо бұл бағаны жоғары санап, жеңілдету үшін аргентиналық ойыншыны іске араластырғысы келеді. Бұл туралы «Paris United» басылымы мәлімдеді.

Негізі Милинковича-Савичпен  «ПСЖ» келісімге келіп қойған, тек қол қойылмаған. Егер жоғарыдағы мәселе шешілсе трансфер сәтті аяқталады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*