ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Трансфер Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

«Реал» апта соңында дейін 3 ойыншыны сатып алмақ

«Marca» газетінің мәліметіне сүйенсек, «Реал» осы аптаның соңына дейін 3 бірдей жаңа ойыншының клуб сапына ауысқанын жариялауға ниетті. Олар —   «Челси» шабуылшысы Эден Азар, «Лион» қорғаушысы Ферлан Менди мен «Айнтрахт» сұрмергені — Лука Йович. «Галактикос» белгиялық футболшы үшін жобамен 120 млн. евро төлеуі мүмкін делінсе, Йовичті «Реал» 70 млн. евроға сатып алуы мүмкін. Ал француз қорғаушысының трансферлік құны туралы ақпарат жоқ.

Биыл;

-Азар АПЛ-да 37 матчқа қатысып, 16 гол салған, 15 нәтижелі пас берген.

-Менди Францияның 1 Лигасында 30 ойын өткізіп, 2 гол, 1 нәтижелі пас авторы.

-Йович Бундеслиганың 32 матчында 17 гол, 5 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*